Популярные темы

Аптап ыстықта семейліктердің басынан күн өткен

Дата: 18 июля 2023 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Аптап ыстықта семейліктердің басынан күн өткен
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде шілденің 13 мен 16 аралығында ауа температурасының жоғарылауы болды. Қатты ыстықтың салдарынан қалалықтардың басынан күн өтіп, қан қысымы жоғары және жүрек ауруына шалдыққан семейліктер жедел жәрдем қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Төрт күннің ішінде Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясына 3553 шақырту түсті. Оның ішінде ауа райына байланысты қан қысымының жоғары болуы, жүрек аурулары, талма мен күн өтуі болды. Осы аралықта басынан күн өткен төрт азаматқа жедел медициналық көмек көрсетілді», — деп айтты жедел жәрдем станциясында.

Дәрігерлердің кеңесі бойынша ыстық күндері қатты суық сусын ішуге болмайды. Күн ыстықта қарапайым су немесе жеміс сусыны мен компот ішкен дұрыс. Ал шай ішетін болсаңыз, оны бөлме температурасына дейін салқындату керек.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша Семейде 19 шілде +34+36 °C-қа дейін ыстық болады. Ал 20 шілде ауа температурасы +32 °C дейін көтеріледі, бірақ күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями