Популярные темы

Ертең кешке дейін телеарналар мен радиолар хабар таратпайды

Дата: 18 июля 2023 в 17:48


Ертең кешке дейін телеарналар мен радиолар хабар таратпайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Елімізде жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, телеарналар мен радиолар 19 шілдеде сағат 17:00-ге дейін уақытша жұмыс істемейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазтелерадио» АҚ-на сілтеме жасап. 

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз, — деді компания өкілдері.

Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін көрермен мен тыңдарманнан кешірім сұрады.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями