Популярные темы

Отандық азаматтық авиацияның паркі жаңа ұшақтармен толығып жатыр

Дата: 18 июля 2023 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Отандық азаматтық авиацияның паркі жаңа ұшақтармен толығып жатыр
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп, ұшақ санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырып келеді деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айталық, SCAT компаниясы 189 орынға шақталған B737-800 үлгісіндегі «Боинг» ұшағын сатып алды. Бұл арқылы компанияның флоты 36 ұшаққа, оның ішінде «Боинг» маркілі әуе кемесі 29-ға дейін артты.

Сонымен қатар Fly Arystan компаниясы да 188 адамды тасуға мүмкіндік беретін А320 neo ұшағына ие болғанын айта кеткен орынды. Осымен бұл компанияның қарамағындағы 15-ші әуе кемесі.

 2023 жылдың соңына дейін Fly Arystan тағы 3 ұшақты алуды жоспарлап отыр. Осылайша, отандық лоукостердің флоты 18 әуе көлігіне дейін ұлғаяды.

Бұл орайда отандық авиакомпаниялардың техникалық паркін кеңейту жөніндегі жұмыстар ведомствоның ұдайы бақылауында және осы бағыттағы шаралар жалғасатынын атап өткен жөн.

Сурет: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями