Популярные темы

Қазақстанның жас әншісі «Славян базарының» Гран-приін жеңіп алды

Дата: 14 июля 2023 в 17:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның жас әншісі
Стоковые изображения от Depositphotos

Беларусьтің Витебск қаласында өтіп жатқан «Славян базары» байқауының ашылуында 12 жасар Шерхан Арыстан арнайы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың бірінші күні ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e Vai («Сүй, сен, жүре бер») композициясын орындағаны үшін 70 ұпай жинады. Екінші күні де Шерхан Арыстан 70 ұпай алды. Бұл туралы Белта басылымы жазды.

Басылым Қазақстаннан барған жас әнші қазылар алқасын күшті вокалымен тәнті еткенін жазды. Сонымен қатар Шерхан Арыстан Қазақстанда танымал болуды армандайтынын айтты.

Сурет: president.gov.by

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями