Популярные темы

Семей жастарын бос орындар жәрмеңкесіне шақыруда

Дата: 12 июля 2023 в 17:08


Семей жастарын бос орындар жәрмеңкесіне шақыруда
Стоковые изображения от Depositphotos

Бос орындар жәрмеңкесі 14 шілдеде сағат 18.00-де «Арбат» алаңында өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыз азаматтарға, NEET санатындағы жастарға және оқу орындарының түлектеріне арналған.

«Жәрмеңкені өткізудің мақсаты — оқушы жастарды жұмыспен қамтуға, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімімен таныстыру. Сондай-ақ,  еңбек нарығы туралы, қызметкерлерге мұқтаж кәсіпорындар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы барынша толық ақпарат беріледі», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жұмыс іздеушілерге әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобалары, өз ісін жүзеге асыруға гранттар, кәсіптік оқыту курстары ұсынылады.

Сурет: cntv.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями