Популярные темы

ТЖД Қаспий жағалауынан 5 адамды құтқарды

Дата: 30 июня 2023 в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ТЖД Қаспий жағалауынан 5 адамды құтқарды
Стоковые изображения от Depositphotos

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бір күнде Каспий жағалауынан 5 адам құтқарылғанын айтып, жабдықталмаған жерде шомылуға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

28 маусым күні Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды.

Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті тауып, жағаға алып шықты.

«Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», деді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінде

Сурет: gov.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями