Популярные темы

Семейлік өрт сөндіруші күнделікті қызметін видеоға түсіріп танылды

Дата: 26 июня 2023 в 01:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік өрт сөндіруші күнделікті қызметін видеоға түсіріп танылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бородулиха ауданында ауқымды өрт кезінде жаңбыр сұрап, дүға жасап отырған өрт сөндірушінің суреті әлеуметтік желіде лезде тараған еді. Arnapress.kz тілшісі сол суретте бейнеленген қызметкерді тауып, сұхбаттасып қайтты.

Елдос Нұртазаев азаматтық қорғаныс саласында қызмет еткеніне бір-неше жыл болды. Аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызметін бастаған жігіт, бүгінде Семей қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы. Бір ерекшелігі, жаны шығармашылыққа жақын. Түрлі видео мен сурет түсіріп, әлеуметтік желіге салып отырады. Басты тақырып – өрт сөндірушілердің күнделікті қызметін еш боямасыз көрсету.

«Бұл менің хоббиім. Видеоға түсірген ұнайды. Маған direct-ке «Неге өрт сөндірушілердің көліктері сусыз келеді?» деген сұрақ көп түсетін. Сол сұраққа жауап ретінде, видео түсірдім. Мақсатым, халыққа қарапайым тілмен біздің қызметіміз жайлы айтып беру. Осындай видеодан кейін, қызметіміздің қажеттілігін, оңай емес екенін көп адам түсінді», дейді Елдос.

Елдос өрт болып жатқан орыннан да бейнежазба жасауға тырысады. Қалын түтін мен қызыл жалын арасынан адамдарды құтқару, буынмен өрт ортасына кіру, өртке оранған нысанды көпіршіктен өшіру... Осындай сәттерді Елдос жасаған видеолардан көруге болады.  

«Ең алдымен жұмысымды жасаймын. Өрт сөндіреміз, адам шығынын алдын алуға тырысамыз. Тек қана сондан кейін мүмкіндік болса бейнеге түсіремін», деп қосты қарауыл бастығы.

Instagram/@

Бородулиха ауданында болған ауқымды орман өрті кезінде де, халыққа тың ақпарат пен мағлумат беріп, өрт сөндіру барысы туралы Елдос айтып отырды. Бұл кезде әдеуметтік желі қолданушылары, жеке парақшасынан көз үзбей, «өрт сөндірілді» деген сөзді күтіп отырды.

«Ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі», деп бекер айтылмаған. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық батылдық пен ер жүрек болуды талап етеді. Ал олардың еңбегі тек соңғы қайғылы оқиғалардан кейін бағалы екенін түсінгендей болдық...

Бақытгүл ҚАЗЕЗ

Фото: Instagram/ekko_92

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями