Популярные темы

Семейде келін мен ене қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталды

Дата: 23 июня 2023 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде келін мен ене қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде келін мен ене қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2020 жылы Семей қаласының тумасы аса ірі көлемде ақша тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруға бағытталған қылмыстық ниет пайда болды. Осы мақсатта М. А. қаржылық  пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бұл іске келінін араластырған. Келіні салымшыларды тартуға, олардың тізімін қалыптастыруға, сақтауға міндетті болған. Сонымен қатар жиналған қаражаттың және оларды қайта бөлудің есебін жүргізген», — деп айтты Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінде.

2020 жылы олар WhatsApp және Telegram мобильді мессенджерлерінде чат құрып, онда инвесторларды тарту үшін маркетинг түрінде ақпаратты орналастырған.

Сотталған азаматшалар қаржы пирамидаға қатысушыларды қалыптастыру үшін көрсетілген мессенджерлерде депозиттер сомасын және қолма-қол ақшалай төлемдер сомасын анықтау үшін «жәшіктерді» құру арқылы пирамидалық жүйені ұйымдастырды.

Жалпы олар 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында, өз мақсаттарына жету үшін жәбірленушілерден өздері құрған және басқаратын қаржы пирамидасына жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңге, яғни аса ірі көлемде қаражат тартқан.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот оларды кінәлі деп танып,  азаматшаларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген және әрқайсысына азаматтардың қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыруға соттады. 5 жыл  бойы қылмыстық-атқару жүйесінің  қауіпсіздігі ең төменгі мекемесінде жазасын өтеуде», — деп қосты баспасөз қызметінде.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями