Популярные темы

Жол ережесін 32 рет бұзған. Абай облысында 1,2 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Дата: 19 июня 2023 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жол ережесін 32 рет бұзған. Абай облысында 1,2 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде жол ережесін 32 рет бұзған жүргізуші анықталды, — деп хабарлайды  Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Айыппұл сомасы 1 225 750 теңге болады. 15 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылған. Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Субару» маркалы автокөлігін тауып, оның жүргізушісі ҚР ЖҚЕ мен Заңын бірнеше рет бұзғанын анықтаған.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Семей полициясы жүргізушілерге еске салады: тағайындалған айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 893-бабына сәйкес есептелген сәттен бастап 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуге тиіс.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями