Популярные темы

Семейде жасөспірімді пышақтап кетті

Дата: 08 июня 2023 в 15:08


Семейде жасөспірімді пышақтап кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл жағдайға қатысты Абай облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

Тексеру барысында жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжалдың арты төбелеске айналғаны анықталды. Нәтижесінде, 13 жасар бозбаланы пышқпен ұрған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың қатысушыларыдың барлығы анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды», — делінген ресми хабарламада.  

Қараусыздық жасөспірімдерде жазатайым оқиға немесе олардың құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін полиция ата-аналардың есіне салады. Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейту және олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.

Cурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями