Популярные темы

Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды

Дата: 05 июня 2023 в 13:38


Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз өте қатты ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болжанып отыр. Күн республиканың шығысында +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.

«8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы +22+30°С-қа дейін төмендейді», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

«6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанды. Тек республиканың оңтүстігінде күн ыстық болады».«Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, айдың басында еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями