Популярные темы

ШҚО полицейлері есірткі ораушы-курьерді ұстады

Дата: 29 мая 2023 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО полицейлері есірткі ораушы-курьерді ұстады
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскеменде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы елорда тұрғыны ұсталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Норкокурьерді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері облыс прокуратурасымен бірлесіп қолға түсірді. Ол іс-қимыл жасасуда тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілді қолданумен таратқан. Нақты айтқана «тауарды» танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы  сатқан.

Полицейлер  ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғанын анықтады. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.

«Тінту іс — шараларын жүргізу барысында оның жалдамалы пәтерінде жалпы салмағы 500 грамнан асатын психотроптық заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», делінген хабарламада.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями