Популярные темы

Түрмедегі неке: «Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушы үйленді

Дата: 22 мая 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түрмедегі неке:
Стоковые изображения от Depositphotos

«Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген ер адам түрме қабырғасында некесін қиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Polisia.kz сайтынан алынған ақпарат бойынша, ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген сотталған екінші жартысын тапқан. Олар бір-бірімен газеттегі хабарландыру арқылы танысып, хат жазыса бастаған.

«Біз біраз уақыт сөйлестік. Мен оны жоғалтқым келмегендіктен үйлену туралы шешім қабылдадым», — дейді сотталған Д.

Ерлі-зайыптының некесі № 39 мекемесінде қиылды.

Ер адам қарақшылық үшін жазасын өтеп жатыр. Мекеме психологтарының пікірінше, мұндай оң өзгерістер сотталушыға пайдалы, отбасын құру түзетудің маңызды қадамы болып саналады.

Айта кетері, «Қара бүркіт» түрмесі көпшілікке өмір бойына сотталғандар отыратын жабық колония және ең қатаң режимімен танымал.

Сурет: Ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями