Популярные темы

Семейде сатушыны жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды

Дата: 22 мая 2023 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде сатушыны жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Дүкен сатушысын жалған чек көрсетіп алдаған азаматты Абай облысының полицейлері анықтады.

Семейде сатушыны жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы сәуір айының ортасында Семей қ. Полиция басқармасының «102» жедел арнасына 50 жастағы әйел жүгініп, дүкенде белгісіз ер адам азық-түлікті мобильді қосымшада жасалған төлем чегін көрсеткенін, алайда қаражат әйелдің шотына сол күйі түспегенін хабарлаған. Залал сомасы 8 000 теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Төлем кезінде қаскөй жалған чек көрсетіп, сол арқылы азық-түлікті иемденгені белгілі болды. Жауап алу барысында ұсталған ер адам кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 — бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Жалған чектер ұялы телефоннан бірнеше секунд ішінде, жіберетін адамның қажетті деректерін — тегін, алушының атын, күнін және тіпті сомасын көрсете отырып, өте қарапайым жасалады. Осындай жағдайлардың құрбаны болмас үшін, тауар үшін қосымшалар арқылы емес төлемді тек банктердің терминалдары арқылы қабылдау қажет. Бүгінгі таңда алаяқтар әртүрлі амалдарды қолданады, сондықтан заңды сақтап, төлемді заңды және қауіпсіз түрде қабылдау керек. Сонда ғана Сіз өзіңізді осындай жағымсыз жағдайлардан оқшаулай аласыз, — деп түсіндірді Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.

Абай облыстық Полиция департаменті кәсіпкерлерді алаяқтың құрбаныны болмас үшін қырағылық пен сақтық танытуға шақырады.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями