Популярные темы

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы деп танылды

Дата: 22 мая 2023 в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы деп танылды
Стоковые изображения от Depositphotos

22 мамырда қазақстандық Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі бойынша ресми түрде планетаның төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 5090 ұпаймен 4-орында тұр. Үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі 115 ұпай аз болып тұр. Бағы мен бабы келіссе, Рыбакина «Ролан Гаррос 2023-те» рейтинг бойынша одан басым түсуі мүмкін.

Елена Рыбакина бұл тарихи көрсеткішке биылғы маусымда Римнің Мастерсін жеңіп алан соң қол жеткізді.

28 мамырда Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігін бастайды.

Сурет: ktf

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями