Популярные темы

Семейде өнер адамдарын марапаттады

Дата: 22 мая 2023 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде өнер адамдарын марапаттады
Стоковые изображения от Depositphotos

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей үйінің алдында қаланың барлық өнер ұжымдары мен мәдениет саласының ардагерлері және қызметкерлері жиналды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнер саласында жүрген азматтарға құрмет көрсетіліп, марапат берілді. Жиында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов шығармашылық саланың қызметкерлерін құттықтап, марапаттады.

 


«Семей қаласы — ғұлама-ғалымдарды, жазушы-ақындарды және өнер саласына айрықша үлес қосқан дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген киелі мекен. Қаламыздың мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамын», — деді қала басшысы.



Сондай-ақ, қала әкімі бірқатар өнер саласына еңбегі сіңген қызметкерлер мен ардагерлерге алғыс хаттар табыстады.

Мерекеге жиналған ақын мен жазушы, әнші мен биші, барлық өнер саласының қызметкерлері сән салтанаты келіскен лимузинмен келіп, оларға қызыл кілем жайылды. Мерекелік іс-шара ән шашумен ұласты.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями