Популярные темы

Өскеменде қылмыскерді қолға түсіру бойынша операция өтті

Дата: 19 мая 2023 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өскеменде қылмыскерді қолға түсіру бойынша операция өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған адам бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен  сотталған болатын. Сот қаулысына сәйкес ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі  40 қылмыскерді ұстады.

Сурет: ШҚО ПД Баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями