Популярные темы

Қазақстан бетон жол салудан бас тарту туралы шешім қабылдады

Дата: 18 мая 2023 в 16:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан бетон жол салудан бас тарту туралы шешім қабылдады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан бетон жол салудан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шенеуніктердің неге мұндай шешім қабылдағаны туралы kolesa.kz порталына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтып берді.

«Біз әзірге бетон пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Себебі, оны пайдалану кезінде белгілі бір қиындықтар анықталды. Егер асфальтта ақау пайда болса, оны тез арада жоюға болады, ал бетонмен жағдай басқаша. Иә, бетон төзімдірек. Оңтүстік аймақтарға ынғайлы, бірақ еліміздің солтүстігінде көптеген қиындықтар туғызады. Ең бастысы, қыста мұзбен күресу. Оған қоса, бетон жолдарды күтіп ұстау қымбатырақ. Бұған бөлінген қаржы жұмыстың құнын өтемейді. Сондықтан біз қазір бұл мәселені зерттеп жатырмыз, мүмкін, мұндай жолдардың құрылысына кейінірек қайтатын шығармыз», деді басқарма төрағасы.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями