Популярные темы

Семейдегі Шәкәрім университетінің ұстаздары мен студенттері наразылық білдіруде

Дата: 15 мая 2023 в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдегі Шәкәрім университетінің ұстаздары мен студенттері наразылық білдіруде
Стоковые изображения от Depositphotos

Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен студенттер жазған бейнеүндеу таралуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Үндеуде университеттің ректоры Бауыржан Ердембековты орнынан босату туралы министрдің бұйрығын қайта қарауды сұрайды. Ұжым бір ауыздар бұйрыққа қарсы екенін айтты.

Екі жыл үш ай ішінде, ондаған жылдар бойы атқарылмаған  істерді атқарғанын ұжымның көзі көріп отыр. Университет жайнап, жарқырап, нағыз ғылымның, білімнің ордасына айналды. Шәкәрім шаңырағы неге осындай эксперименттерге түсе береді? Біздің жазығымыз не? Ұжымның жазығы неМинистр осы жөнінде бізге түсініктеме берсе дейміз. Сондықтан, айтпағымыз, министрдің бұйрығы қайта қаралса екен, өзінің күшін жойса екен дейтін ұсынысымыз бар– деді бейнеүндеуде филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов.

Студенттер болса, президент атына бейнеүндеу жасап, орын алған жағдайға араласуды сұрады.

Біз бұл бұйрықпен келіспейміз. Себебі, Бауыржан Амангелдіұлы келгелі бері жастар саясаты белсенді дамып, білім деңгейі көтерілді. Республикалық дебаттық турнирлер, театрлар фестивалі, пәндік олимпиадалар, түрлі спорттық додаларға қатысып, биіктерден көріндік. Студенттерге Шәкәрім шәкіртақысы тағайындалып, материалдық көмек көрсетілуде. Ректорымыз жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Студенттерге жан-жақты дамып, білім алуға жағдай жасауда, деді студенттердің атынан сөйлеген Еркеназ Шағыманова.

Бейнеүндеу әлеуметтік желіге тарағаннан кейін, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейге министрдің екі орынбасары Талғат Ешенқұлов пен Қуаныш Ергалиев келіп, бұл жалғыз акционердің, яғни Білім және ғылым министрлігінің шешімі. Бұйрық 13 ақпандағы хаттамасына негізделген, деп ұжымға жауап берді.

Алайда, бұндай бұйрыққа не себеп болды? деген сұраққа жауап ала алмадық, дейді оқытушылар.

Қазіргі уақытта, уақытша білім ордасын басқаруға университет проректоры Индира Оралканованы тағайындады.

Еске сала кетейік, Бауыржан Ердембеков Шәкәрім университетінің ректоры болып 2021 жылы тағайындалды. Оның алдында Қ.Жұбанов атындағы Актөбе өңірлік университеттің басшысы болды.

Сурет: univery.kz ,видеодан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями