Стоковые изображения от Depositphotos
Бұл туралы Көкпекті ауданына жұмыс сапары аясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен көшпелі аппараттық кеңес барысында айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Болат Әбдіралиевтің айтуынша, лицензиялық келісім аясында облыс әкімдігі электр беру желісін тарта отырып, 26 антенна-діңгек құрылғысын салуды жоспарлаған.
Мәселен, ағымдағы жылы Абай, Үржар, Жарма аудандарының ауылдарында 9 АМС құрылысы басталады. Келесі жылы тағы 17 АМС құрылысы жоспарланған, оның 11-і дайын жобалар (Аягөз, Бесқарағай, Ақсуат аудандарында) және 6 құрылыстың жобалары әзірлеу сатысында (Семей қаласының ауылдық округтері Ақбұлақ, Абыралы, Қараөлең, Бородулиха және Көкпекті аудандары). Сонымен қатар, 4 АМС жеке қаражат есебінен салынады, — деді Болат Әбдіралиев.
По сообщению сайта Arna Press