Популярные темы

Семейде жағажайды ұйымдастыруға 30 млн теңге бөлінді

Дата: 11 мая 2023 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде жағажайды ұйымдастыруға 30 млн теңге бөлінді
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгінгі таңда облыста қалалар мен аудандардың әкімдіктері 4 коммуналдық жағажай құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Абай облысының өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Биыл облыстың су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 10 учаске анықталды. Дегенмен, ресми түрде облыста тек қана бір коммуналдық жағажай бар. Ол Үржар ауданындағы Алакөл көлі.

«Алакөл жағалауының ұзындығы 400 метрді құрайды. Бұл жерде біздің тарапымыздан барлық жұмыстар жасалды. Шомылу кезіндегі қауіпсіздікке байланысты баннер мен тарату парақшалары дайындалуда. Сонымен қатар құтқарушылар көлде патрульдеу жүргізетін болады. Ал Семей қаласына келетін болсақ, мұнда екі жағажай ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір құжаттарды дайындау үстінде», — деді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.

Абай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев

Белгілі болғандай, екі коммуналдық жағажай өткен жылдары жастардың өз күшімен ұйымдастырылған «Заря» және Пристань аудандарында орналасады. Бұл мақсатқа бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Бірақ, олар шомылу маусымы басталғанда ашылады ма және тегін болады ма, әзірге белгісіз.

Айта кетерлігі, биыл Курчатов қаласында да қалалық жағажай салу жоспарланды. Ол «Маяк» қонақүйінің маңында орналасатын болады. Ал келесі жылы Көкпекті ауданының тұрғындары да өзен жағалауында демалатын болады, деп қосты брифингте.

Сурет:elements.envato.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями