Стоковые изображения от Depositphotos
Аягөз ауданындағы Бозай қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде сақ көсемінің киімін безендіруге арналған жәдігерлер табылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qazaqstan ҰА «Tansholpan» бағдарламасына сілтеме жасап.
Сақтардан жеткен сары алтынды белгілі археолог-ғалым Ғани Омаров облыстық өлкетану музейіне тапсырды.
Археологиялық қазба жұмыстары толықтай 2 ай көлемінде жүрді. Сонымен бірге, лабороториялық жағдайда желтоқсан айының соңына дейін алтын заттарды топырақтан тазарту жұмыстары жүрді. Одан кейін, шетелге ғылыми сараптамаларға берілді. Соның нәтижесін күттік, деді археолог ғалым Ғани Омаров.
Ғани Қалиханұлының айтуынша, әрбір жәдігерде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпы анық байқалады. Себебі, 2982 алтыннан жасалған құнды жәдігер б.з.д 8-9 шы ғасырдан сыр шертеді. Мұның өзі бабаларымыздың зергерлік өнердің биік шыңына жеткендігін көрсетеді, дейді ғалым.
Өкінішке орай, қорым кезінде тоналған. Тоналғанның өзінен біздің қазіргі археологтарымыз одан үлкен жәдігерлер, артефактілер, тарихи құнды деректер әкеліп отыр, деп қосты облыстық өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбай
Сақ көсемінің киімін безендіруге арналған құнды алтындарды тамашалауға келген халық қарасы қалың болды. Айта кетерлігі, Ғани Қалиханұлы 30 жылдан астам шығыс өңірдегі ежелгі көшпенділер мен қола дәуірінің ескерткіштерін зерттейтін археологиялық экспедицияларға қатысып келеді. Археолог халықаралық экспедициялар құрамында да талай мәрте болған. Көпжылғы еңбегінің арқасында музей қорына қазақ тарихынан мол мағлұмат беретін тың дүниелерді қосты.
По сообщению сайта Arna Press