Популярные темы

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді

Дата: 11 мая 2023 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) — шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады. Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады», — делінген хабарламада.

Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

ТЖ министрлігі өкілдері Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өртсөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде Арслан Құрманбековтың анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.

Өзге де қосымша көмек көрсету мәселелері пысықталып жатыр.

Еске салайық, 8 мамырда қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями