Популярные темы

Семейде «пәтер алуға көмектесемін» деген алаяқ қолға түсті

Дата: 04 мая 2023 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Әуезов полиция бөліміне 23 жастағы қыз келіп, бейтаныс жігіт нарықтық бағадан төмен пәтерді сатып алуға көмектесуге уәде бергенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп ойланбастан қажетті соманы қыз апарып бергеннен соң, қала тұрғыны уәде етілген пәтердің кілтіне қолы жетпегендіктен, алаяқтықтың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.

Абай облысының полицейлері аталған іс бойынша күдікті болып танылған облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Жауап алу барысында ер адам кінәсін мойындап, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмау үшін кезекте сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертеді. Қаскөйлер көбінесе «арзан бағамен», «мемлекеттік бағдарлама» бойынша тұрғын үй мен жер учаскелерін алып беруге көмектесемін деп, өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерімін деп таныстырады. Олар жиі сыйақы үшін жылжымайтын мүлікті тездетіп алуға көмектесеміз деп уәде беріп, азаматтарды алдайды. Осыған байланысты абай болуыңызды сұраймыз, — деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Жоғарыда көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 — бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: ашық көздерден алынған

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями