
Стоковые изображения от Depositphotos
Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызбен жүгінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен. Ер адам жәбірленушінің басынан балғамен ұрып жіберіп, оның 3 мың теңге көлеміндегі қаражатын, алтын сырғасы мен ұялы телефонын ұрлап алғанын айтқан.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындаған», — делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сурет: ашық көздерден алынған
По сообщению сайта Arna Press