Популярные темы

Жигули Дайрабаев айналасындағы жанжалдарға қатысты пікір білдірді

Дата: 03 мая 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жигули Дайрабаев айналасындағы жанжалдарға қатысты пікір білдірді
Стоковые изображения от Depositphotos

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін түсіндірді.

Мәжілістің жалпы отырысында журналистер депутаттан соңғы уақытта жылжымайтын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты тағылған айыптар туралы сұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Меркен ауданында жеке менің меншігімде бір метр жер жоқ, ол кезде жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істедік. Жұмыс барысында тиянақтылық пен ұқыптылық көрсеттім. Мен жұмыс істеп жүрген кездері, яғни 2000 жылдардың басында ауылдағы көптеген жерлер игерілмеген еді. Кейін көптеген азаматтар компанияға өз жерлерін берді, біз бұл жерлерге дәнді дақылдар, жүгері және қызылша ектік. Кейін ауыл азаматтарының көпшілігі сол жерде жұмыс істеді. Компанияда 350-500 жұмыс орны құрылды. Компания жаңа технологиямен, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген еді. Мен бұл компанияға келгенге дейін менің орнымда осы іспен 4-5 адам айналысқан», — деді Мәжіліс депутаты журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Жигули Дайрабаев соңғы кездері өзіне тағылған айыптардың неліктен жиілеп кеткенін түсіндірді.

«Мұның бәрі мен депутат болғаннан кейін болып отыр. Бәрі менен ақша алу мақсатында ұйымдастырып жатқан сияқты, бірақ менде артық байлық жоқ. Сондықтан бұл іспен құзырлы орган айналысуы керек деп ойлаймын», — деп жауап берді депутат.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями