Популярные темы

Семейде учаскелік инспекторлар 20 жыл бойы шығарылмаған тұрмыстық қалдықтан үй маңын тазартты

Дата: 03 мая 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде учаскелік инспекторлар 20 жыл бойы шығарылмаған тұрмыстық қалдықтан үй маңын тазартты
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының Затон Полиция басқармасының қызметкерлері үй маңдарын аралаған кезде Силикат кентінде 20 жыл бойы үйілген тұрмыстық қалдықтар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаскелік инспекторлар үй тұрғындарының жалпы сенбілігін өткізу үшін тұрғындарды жинау мақсатында аталған үйлерді аралау жұмыстарын жүргізді. Алайда, анықталғандай олардың көпшілігі егде жаста болғандықтан сенбілікке шыға алмады.

Сонымен қатар, арнайы техника жалдауға материалдық жағдайлары келмегендіктен үйілген қоқыс арасымен жүруге мәжбүр болған.

«№19 УПП учаскелік полиция инспекторлары өз күштерімен сенбілік өткізуге кірісті. Арнайы кәсіпорынмен келісіп, «SHACMAN» маркалы 6 жүк көлігімен 20 жыл бойына жиналған қоқыстан үй маңдарын тазартты, — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының қайырымды іс-әрекеттеріне риза болған Силикат кентіндегі үй тұрғындары учаскелік полиция инспекторларына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Айта кетерлік жайт, учаскелік полиция инспекторлары волонтерлік жұмысты қызметтік міндетімен қатар алып жүреді. Бұған дейін, дәл осы учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері аудандағы балаларға Жаңа жылға орай тәттілер сыйлап, тұрғындармен бірге сенбілікке шығады.

Сурет: Семей қаласы ПБ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями