Популярные темы

Ақтөбеде қанды қылмыс жасаған адам изоляторда асылып қалған

Дата: 01 мая 2023 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбеде қанды қылмыс жасаған адам изоляторда асылып қалған
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбеде 35 жастағы әйел адам мен 16 жастағы баласын аяусыз өлтірген күдікті тергеу изоляторының әжетханасында асылып қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 29 мамырда Ақтөбеде болған еді. Оқиға қаладағы Жеңіс даңғылында № 30 үйде болған. Күдікті 35 жастағы әйел адам мен 16 жастағы баласын аяусыз өлтірген. Марқұмның 13 жастағы қызы да ауыр жарақаттар алған. Ол жедел ауруханаға жеткізіліп, артынша операция жасалды.

Ақтөбенің қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, тергеу-қамауға алынған адамды түнде мекеме қызметкерлері тапты. Кезекші ауысыммен дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған шараларға қарамастан, күдіктіні құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын анықтады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

«Оқиға Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, ҚР ҚК 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу). Қазіргі уақытта облыстық Департаменттің қызметкерлері қызметтік тексеру тағайындады, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады», — деді департамент өкілдері.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями