Популярные темы

Екібастұздағы алапат өрт сөндірілді

Дата: 27 апреля 2023 в 23:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Екібастұздағы алапат өрт сөндірілді
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін сағат 17: 57-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің шатырының өртенгені белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, шақырту орнына 7 техника мен жеке құрамның 40 адамы жіберілді.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде шатырдың 800 шаршы метрін және ауданы 8 шаршы метрді құрайтын екі балконның өртеніп жатқанының куәсі болды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде», делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями