Популярные темы

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Дата: 27 апреля 2023 в 14:38


Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған
Стоковые изображения от Depositphotos

Көкпекті ауданынан href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласына 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 сәуір күні  «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері  «Алматы Өскемен» тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы TOYOTA автокөлігін  тоқтатады.

Тексеру барысында  көлік жүк салғышынан арнайы рұқсат ету құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған, делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями