Популярные темы

WhatsApp-та екі апта интернет болмайтыны туралы ақпарат тарап жатыр

Дата: 24 апреля 2023 в 15:38 Категория: Новости интернета


WhatsApp-та екі апта интернет болмайтыны туралы ақпарат тарап жатыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Мұндай мәлімет Павлодар облысында ақпараттық бюллетень түрінде пайда болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Тараған ақпаратты облыстық Цифрландыру департаменті жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сіздерді ресми дереккөзден алынған ақпаратқа сеніп, фейк таратпауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

StopFake.kz сайты да хабарламаға сенудің қажеті жоқ екенін айтты. Қазақстанда 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернетті өшіру жоспарланбаған.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости интернета
Поделитесь новостью с друзьями