Стоковые изображения от Depositphotos
Ағымдағы жылы жалпы егіс алаңы 17 350 га құрайды, оған 51 шаруашылық субъектісі қатысады, сондай-ақ үй жанындағы және саяжай учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған алаңға 367 га дәнді дақылдар егу жоспарланған (217 га күздік дақылдар) 3 779,5 га картоп, 1 520,2 га көкөніс және бақша дақылдары, 5 743 га майлы дақылдар отырғызылады. Жем-шөп дақылдарының ауданы 5 940,7 га құрайды.
— Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының саны жеткілікті. Оның ішінде барлық түрдегі тракторлар — 686 бірлік, дөңгелекті техника – 624, шынжыр табанды – 62, соқалар – 71, қопсытқыштар – 56, сепкіштер – 36 және 239 жүк машинасы жұмылдырылады. Барлық қажетті техника дайындалды. Тұқым мен минералды тыңайтқыштар, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілді, — деді ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.
Ғылыми мекемелердің ұсынылған қорытындылары бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері 20 сәуірден 15 маусымға дейін созылады.
Қазіргі таңда, шаруашылық субъектілері ауа-райы мен климаттық жағдайлардың жақсаруын күтуде. Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізіп, оңтайлы мерзімде аяқтау жоспарлануда.
Сурет: href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының әкімдігі
По сообщению сайта Arna Press