Популярные темы

Астанадан Үржарға әуе рейстері іске қосылады

Дата: 20 апреля 2023 в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астанадан Үржарға әуе рейстері іске қосылады
Стоковые изображения от Depositphotos

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер кесте бойынша жұма мен жексенбіден басқа аптасына 5 рет жиілікпен орындалады:
 
IQ 537 Астана (11:55) — Үржар (13:50)
IQ 538 Үржар (14:30) – Астана (16:30)
 
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.

14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытқа 16 000 теңгені құрайды.

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.  

Сурет: flyqazaq.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями