Популярные темы

Ақтөбе облысында 21 ауыл әлі жарықсыз отыр

Дата: 18 апреля 2023 в 23:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбе облысында 21 ауыл әлі жарықсыз отыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбе облысында жарықсыз қалған 40 ауылдың 19-ына электр энергиясы берілді — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кешегі жаңалықтарымызда қолайсыз ауа райының салдарынан облыстың 7 ауданында жарық өшкенін көрсеткен едік. Қатқан мұзды көтере алмай, электр сымдары үзілген. Кейбір елдімекендерде бағаналар құлаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Жауаптылар кешке дейін Мәртөк ауданында жағдай толықтай қалыпқа келтірілгенін хабарлады.

Қалған ауылдарда да жөндеу жалғасып жатыр. Электр энергиясы бүгін барлық ауылға толық берілуі тиіс.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями