Популярные темы

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті

Дата: 17 апреля 2023 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті
Стоковые изображения от Depositphotos

Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

 

Оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнындағы жедел үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями