Популярные темы

Абай облысында қоғамдық көліктердегі мемлекеттік тілде жазылған қате жарнамалар мәселесі талқыланды

Дата: 14 апреля 2023 в 00:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында қоғамдық көліктердегі мемлекеттік тілде жазылған қате жарнамалар мәселесі талқыланды
Стоковые изображения от Depositphotos

«Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!». Осындай атаумен облыста айлық өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның аясында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптары мен нормалары» атты облыстық семинар-кеңес өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлерінің алдын алу мақсатында деректемелер мен көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің сауатсыз жазылуына жол бермеу.

Семинар-кеңес барысында «Тіл туралы» және тіл саясатына қатысты басқа да Заңдардың талаптары түсіндіріліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар, қалалар мен аудандардың бөлім басшылары айлық барысында атқарылған жұмыс туралы ақпараттарымен бөлісті.
 

Іс-шара соңында «Тіл туралы» Заң талаптары мен нормаларын орындау бойынша Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абай облысының кәсіпкерлер Палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар жолаушылар көлігі қатынастырындағы тіл мәселесін ретке келтіру бойынша «АвтоТрансСемей», «ТАКСОМОТОРНЫЙ ПАРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен келісімге келді.

Аталған меморандум аясында облыс өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік Палаталарының филиалдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаратын болады.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями