Популярные темы

Астана әуежайының жанында өрт шыққан

Дата: 14 апреля 2023 в 00:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астана әуежайының жанында өрт шыққан
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 13 сәуірде сағат 12.28-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері халықаралық әуежайға қарай шығу жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің келуі бойынша 1 гектар алдын ала алаңда құрғақ және қамыс жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік сумен және қолда бар құралдарды қолдана отырып, өрт сөндіру учаскелері  құрылды. 

Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 40 адам және  5 бірлік техника мен әкімдіктің 4 суару жуу машинасы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталатын болады, делінген ресми хабарламада.

Оттың тез таралуы екпінді жел соғуы мен құрғақ өсімдіктерге байланысты өртті сөндіру қиындатылған.  

Елордалық гарнизон өрт сөндірушілерінің күшімен әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы 3 гектар алаңда сағат 18.48-де сөндірілді. 

Өрт сөндіру техниканың жану аймағына баруы қиын болғаны, желдің өрттің таралуына ықпал етуі өртті сөндіруді қиындатты.

Сурет: tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями