Популярные темы

Қазақстандықтар сенімхаттарды eGov Mobile арқылы онлайн форматта рәсімдей алады

Дата: 12 апреля 2023 в 16:58


Қазақстандықтар сенімхаттарды eGov Mobile арқылы онлайн форматта рәсімдей алады
Стоковые изображения от Depositphotos

Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан нотариаттық іс-қимылдың осы түрін цифрлық форматқа аударған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда сенімхаттың нотариалды куәландыруы тек Франция мен Литвада онлайн режимінде қол жетімді.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев жобаның Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің «цифрлық» бастамалары шеңберінде әділет, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп іске асырылғанын атап өтті.

Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді, деп хабарлады Министр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Е-gov мобильдік қосымшасының базасында, мемлекет халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасауы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым құру туралы айтқан болатын. Бүгінгі «Цифрлық нотариат» жобасы осы бағыттағы жұмыстардың бірі. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік органдармен бірлесе қазақстандықтардың өмірін жеңілдету бағытында пайдалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз»  — деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Цифрлық сенімхатты рәсімдеу үшін:

1. eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;

2. өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;

3. жеке басын растау үшін қосымшадан нотариусқа бейне қоңырау шалу;

4. белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлеу;

5. «Сандық құжаттар» бөлімінде сандық сенімхат алыңыз.

Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен теңестіруге болады.

Бұл ретте, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында eGov Mobile қосымшасында авторизациялау кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып ЭЦҚ пайдаланылады.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями