Популярные темы

Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды

Дата: 10 апреля 2023 в 10:48


Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, ол кәріз құдығына құлап мерт болды, деп хабарлайды  Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 8 сәуірде сағат 22:00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап хабарласқан.

Ата-анасының айтуынша, сағат 17:30 шамасында бала аулаға серуендеуге шыққан, содан кейін жоғалып кеткен.

Полиция қызметкерлері баланың денесін үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан тапты. 

Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями