Популярные темы

Кентауда үш қабатты үй өртенді: 50 адам эвакуацияланды

Дата: 02 апреля 2023 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Кентауда үш қабатты үй өртенді: 50 адам эвакуацияланды
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы — 4 шаршы метр.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.

Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт сағат 22.11-де ауыздықталып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями