Популярные темы

Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды

Дата: 31 марта 2023 в 23:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюповтың елорданың тергеу изоляторында қамауда отырғаны туралы ақпаратты растады.

«Аюпов Р.А. 2022 жылғы 17 қазаннан бастап Астана бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) ұсталды. Қазір Аюпов Р.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі «Пара беру» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі өкілдері

Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері бар екені хабарланды.

«Сондай-ақ, олардың мекеме кітапханасынан кітаптар алуға, заңгерлермен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндіктері бар», — дейді министрліктегілер.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями