Популярные темы

Шымкентте 3 жасар бала көлік моторын жуатын химикатты ішкен

Дата: 31 марта 2023 в 23:18 Категория: Новости науки


Шымкентте 3 жасар бала көлік моторын жуатын химикатты ішкен
Стоковые изображения от Depositphotos

 Көлік моторын жуатын химикатты тәтті сусынмен шатастырып ішіп қойған баланың беті бері қарады

Шымкентте көліктің моторын жуатын химикатты ішіп қойған баланың беті бері қарады. Автокөлік жөндеп жүрген әкесінің жанында ойнап жүрген бала сұйықтықты тәтті сусынмен шатастырып алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Ойнап жүрген, күйеуім көлік жөндейді ғой. Pepsi әкеп қоятын, сусын деп ішіп қойған ғой. Негізі көбінесе химииялық ыдысында тұратын. Соны ішіп қойған».

Анасы Іңкәр Сарыбаева

Дәрігерлер бала емдеу орталығына дер кезінде жеткізілді деп отыр. Әйтпесе, ауыз қуысы, өңеші мен асқазаны күйіп кеткен оның жағдайы әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін еді.

Онымен бірге бір күнде ауруханаға сірке суын ішіп қойған бес жасар бала да ауыз қуысының химиялық күйік шалуымен жеткізілді. Қазір ол да өздігінен тамақтана алатын жағдайға жетті.

 

«Ем антибактериялы терапия дейді. Емдеп жатырмыз. Баланың ішкі құрылысы, аузы күйген, жағдайы орташа дәрежеде».

Т. Орынбаев атындағы гипербария оксигенация орталығының токсиколог-дәрігері Марат Кәкенов

Сурет: Zakon.kz

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости науки
Поделитесь новостью с друзьями