Популярные темы

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз өлі табылды

Дата: 30 марта 2023 в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз өлі табылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналынанда оқиға орнынан 11 шақырым жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып шығарды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылғы 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелетке толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями