Популярные темы

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстауға сыйақы жарияланды

Дата: 28 марта 2023 в 21:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстауға сыйақы жарияланды
Стоковые изображения от Depositphotos

Оңтүстік Корея қашып кеткен қазақстандықты ұстауға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі 18 жастағы қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстауға көмектескені үшін ақшалай сыйлық пен виза беруге уәде еткен.

«Нұрсұлтанға көмектескен отандастар! Егер кімде-кім оған көмектессе немесе оның қайда екенін білсе, бірақ бұл туралы хабарламаса, Нұрсұлтанның қасындағы адамдар қорықпай жүгіне алады, сіз туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды!» — делінген хабарламада.

Еске салайық, 28 наурызда Қазақстанның депортацияланған екі азаматы Оңтүстік Кореяға қашып кеткен болатын. Желі қолданушылары жексенбіде таңғы сағат 4:20 шамасында 21 және 18 жастағы екі қазақстандықтың депортацияланатын рейсті күтіп тұрғанда әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін хабарлады.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями