Популярные темы

Дәрігерлер абай облысында жүрегінде ақауымен дүниеге келген үш нәрестенің өмірін сақтап қалды

Дата: 14 марта 2023 в 15:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Дәрігерлер абай облысында жүрегінде ақауымен дүниеге келген үш нәрестенің өмірін сақтап қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Жақында Облыстық перинаталдық орталықта шала туылған үш нәрестеге кардиохирургия¬лық ота сәтті жасалды. 27 аптасында туылған егіздер және жүктіліктің 25 аптасында туған қыз бала бүгінде оңалтудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай обылысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сәбилердің өмірі Перинаталдық орталықтың неонатолог-дәрігерлерінің, сондай-ақ Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының және санитарлық авиацияның дұрыс үйлестірілген жедел жұмысының арқасында аман қалды», – дедi Перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Гүлнар Қалиақпарова.

Ашық артериалдық өзек – негізінен шала туылған нәрестелерде болатын жүрек ақауы, уақыт өте келе бұл жүрек жеткіліксіздігі мен тыныс алудың қиындауына әкеледі. Консервативті емнен кейін тиімсіздігіне байланысты ота жүргізу көрсетілді. Сәбилерге отаны біздің дәрігерлермен бірге Астана қаласының мамандары жасады. Жаңа туылған нәрестелердің жағдайы операциядан кейін бірден жақсарып, динамикасы тұрақты. Көрсетілген білікті көмек үшін балалардың аналары ерекше алғыстарын білдірді. Мұндай операциялар МӘМС аясында толығымен тегін жүзеге асырылады.

Сурет: Абай облысының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями