Популярные темы

ҰҚК: Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы апиын мен гашиш әкелмек болған қылмыскерлерге қатысты тергеу аяқталды

Дата: 10 марта 2023 в 16:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ҰҚК: Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы апиын мен гашиш әкелмек болған қылмыскерлерге қатысты тергеу аяқталды
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы ақпанда Маңғыстау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты есірткі қылмысына қатысушыларды ҚР ҚК 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушылар 2022 жылы тамызда Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған әрекеттері үстінде ұсталды.

Шетелдің азаматтары мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған.

Есірткі көзге түсу қауіп төмен, яғни түн мезгілінде тасымалданған. Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутниктық байланыс құралдарын пайдаланған.

Сот барысында сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасуда.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями