Популярные темы

Семейлік оқушы қымыз алуға арналған құрылғыны патенттеді

Дата: 09 марта 2023 в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік оқушы қымыз алуға арналған құрылғыны патенттеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Арыстан Нұрғалеев Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық конкурсында жүлделі ІІ орынға ие болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәстүрлі сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен түрлі тақырыптардағы 112 жобамен 150 оқушы қатысқан. Мектебіміздің ұстаздары Құралай Қалиева, Алуа Сүлейменова, ғылыми кеңесші Серік Анибаевтар жетекшілік еткен шәкіртіміздің жобасы «Коноидaльды сaңылaу қолдану арқылы қымыз дайындау процессін оптимизациялау» деп аталады.

  — Арыстан бұл жобада қаламыздағы № 3 ЖОББМ оқушысы Нұрәділ Төкенов екеуі бірлесіп жұмыс жасады. Жобaдa пішінге сәйкес функция грaфигі қaрaстырып, жaңa құрылғының өлшемдері aнықтaлғaн. Сонымен бірге қымыздaғы кaвитaция және сaпырылу процесстерінің мaтемaтикaлық сипaттaуы қaрaстырылып, сол aрқылы жaңa піскіштің уaқытты үнемдеп, жұмыс тиімділігін aрттырaтыны көрсетілді, -дейді жоба жетекшілерінің бірі, математика пәнінің мұғалімі Құралай Ақылбердіқызы.

Бір атап өтерлігі – бұған дейін дәл осы қымыз дайындайтын құрылғы үшін шығармашылық топ мүшелері патентке ие болған.

Сурет: Семей қаласы ФМБ НЗМ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями