Популярные темы

Семейлік полицейлер нәзік жанды жүргізушілерді құттықтады

Дата: 08 марта 2023 в 22:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік полицейлер нәзік жанды жүргізушілерді құттықтады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай темір тұлпар тізгіндеген азаматшаларды мерекелерімен  құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әдетте жүргізушілерге хаттама толтыратын полицейлер бұл жолы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол жүру ережесі жөнінде кеңес беріп, көлік тізгініндегі қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады. Әрбір әйел жүргізуші үшін бұл күтпеген тосын сый болды. Нәзік жанды арулар таңданыстарын жасырмай, алғыстарын білдірді.

–Жалпы, көп жағдайда әйелдер қауымы, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермей, көлік тізгінінде мұқият болады. Әйелдердің жол үстіндегі осы қасиеті бізді қуантады. Барлық полиция қызметкерлері атынан қаламыздағы нәзік жанды аруларды шын жүректен атаулы мерекелерімен құттықтаймыз. Жол ережесін сақтап, жолда абай болыңыздар, – деді Патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Мерхат Калелов.

Айта кетерлік жайт, бұл күні Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлікті тізгінінде көрген барлық аруларды құттықтауға тырысқандарын айтты.

Сурет: Семей қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями