Популярные темы

Абай облысында «Дариға-ай» жастар театрының әртістері нәзік жандарды ерекше құттықтады

Дата: 06 марта 2023 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында «Дариға-ай» жастар театрының әртістері «Аналарға құрмет» атты челлендж өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі

Театр әртістері орындалған әндер арқылы аналарына ризашылықтарын білдіріп, әйел адамдардың сұлулығы мен нәзіктігін жырлап, сауда үйлерінде хош иісті гүлдер сыйлады. Сөзсіз, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Нәзік жандар үшін бұл жағымды тосын сый болды. Акция небәрі жарты сағат өтті, дегенмен бұл шара жағымды әсер мен ұзақ уақытқа есте қалары анық.  

Театрдың көркемдік жетекшісі Еркебұлан Нұғымановтың айтуынша, дайындық ұзақ уақытты қажет етпеді, себебі барлығы аналарға арналған әндерді жақсы біледі. Сонымен қатар, театр облыстың барлық мәдени іс-шараларына тұрақты түрде қатысуда.

Сондай-ақ, болашақта театрдың репертуары нәзік жандарға арналған қойылыммен толығуы әбден мүмкін екенін атап өтті.

Сурет: скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями