Популярные темы

Президенттік степендия 2023 жылы мыңнан астам студентке беріледі

Дата: 06 марта 2023 в 13:38 Категория: Общество


Президенттік степендия 2023 жылы мыңнан астам студентке беріледі
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Стипендиялар қазақстандық жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.

Мәселен, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда, бұл степендиямен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті көбірек қамтылған – 100. Сондай-ақ университеттің магистранттарына 2 степендия тағайындалған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 94 степендиядан бөлінген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетiнің 60 студенті президенттік степендияға ие бола алады.Ал А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне 55 степендия бөлінген.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетiне 47, Халықаралық білім беру корпорациясына 35, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 34 степендия бөлу көзделген.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Общество
Поделитесь новостью с друзьями